Нұртас Адамбай: Қарапайым жанкүйерді мазақ етуді қашан қоясыздар?
Нұртас Адамбай 17:0 есебімен Франция құрамасынан ойсырата жеңілген футболдан әйелдер құрамасына қатты ренжіген сыңайлы. Кинорежиссер футболшыларға, қала берді осы спорт түріне жауапты жоғары шенділерге назын жеткізді.
«Жеңілістен және «футбол алдағы уақытта дамиды» деген уәдеден әбден мезі болдым. Өйткені соған сене бастаған кезде Қазақстан құрамасы жеңіліске ұшырайды. Футболшылар мен жаттықтырушылардың еңбегін бағалаймын, бірақ біздің нәтиже көргіміз келеді. Көп нәрседе футболшылар емес, осы спорт түрінде қалыптасқан жүйенің кінәлі екенін білемін. Бірақ қарапайым жанкүйерлерді мазақ етуді қашан қоясыздар? Біздің футбол қашан реттеледі? Келісілген матчтар, Бразиялияға жіберілген жеткіншектер, түсініксіз футболшыларды сатып алулар, тым жоғары жалақы…», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Одан кейін Адамбай ел ағаларын қыруар қаржыны пайдасыз, дамымайтын спорт түріне жұмсағанша, пайдалы іске құюға кеңес берді.
«Бүгін біздікілер румындармен ойнайды. Әрине, оларға жеңіс тілеймін. Себебі олар бюджеттің ақшасына ойнайды. Ал оның ішінде менің де үлесім бар», – деп түйіндеді сөзін ол.
Жіберіп алмаңыз:
Серік Ибрагимовтің келіншегінің бетін Төреғали Төреәлі ашты (фото, видео)
Айдана Меденованың жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады (видео)
Өзінің әніне секіріп би билеген Қыдырәлі Болманов жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз