Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы латын әліпбиінде басылып шықты

Кітаптың тұсаукесері Астанада латын әліпбиін оқыту орталығының ашылуы аясында өтті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жылдар мен ойлар” кітабы латын әліпбиінде жарық көрді, деп хабарлайды Sputnik.

Бүгін ұлттық академиялық кітапханада латын әліпбиі залы ашылды. Бұл залда 1929-1940 жылдары жарық көрген латын графикасы негізіндегі қазақстандық кітаптар мен мерзімді басылымдардың көрмесі және тақырыптық жаңартылған нұсқалары қойылған.  Орталықта латын қарпіндегі ұлттық әліпби оқытылып, семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері өтеді.

Орталықтың ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаевтың латын қарпінде басылып шыққан кітабының тұсаукесері өтті. Кітап әзірге бір данамен жарыққа шықты.

Кітапты Астанадағы №40 мектептің оқушылары оқып көрді. Олар апострофпен жазылған кейбір сөздерді оқуға қиналса да, бір айдың ішінде меңгеріп аламыз дейді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 27 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Енді үкімет қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрады. Сонымен қатар қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді.

“Бұл қазіргі заман талабы. Ұлттық кітапхана президенттің саясатын насихаттауды көздейді. Латын графикасында жазылған мәтіндер, құжаттар біздің оқырмандарымызға көмектеседі, біз барлық сұрақтарға онлайн түрінде жауап беруге де дайынбыз”, — деді ұлттық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева.

Тағы да оқыңыз:

Ерлі-зайыптыларды дуамен ажыратуға бола ма?

Тайланд түрмесінде отырған қазақстандық әйел ондағы азапты күндері туралы айтып берді

Бұдан былай әуе билеттерінде “Nursultan Nazarbayev” деп жазылады

Талқылау