Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі алғаш рет Ата заңмен бекітілді

Депутаттар конституцияға Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деп жазыпты. Ал Астананың аты өзгертілмейтін болды. Сондай-ақ, ел аумағында террористік шабуыл ұйымдастырғандар сот үкімімен бірден азаматтығынан айырылады. Бұл туралы КТК хабарлайды.

1115721

Фото: Михаил Воскресенский

Осындай өзгерістер енгізілген конституцияның жаңа нұсқасын бүгін Парламенттың қос палатасы екінші оқылымда талқылап, түбегейлі мақұлдады. Басты құжатты енді Конституциялық кеңес қарап шығуы тиіс.

Парламенттің қос палатасы өзгертілген Конституцияны демалыс күндері бас көтермей талқылапты. Депутаттар Ата заңды сенбі мен жексенбі күні-түні талқылап, қарап шықтық деп отыр. Сөйтіп, тарихи құжатқа 10 түрлі ұсыныс енгізген. Сенаторлар мен мәжілісмендер ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін Ата заңмен бекіткен. Яғни, алғаш рет Конституцияға Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деп жазылды. Және енді президенттікке үміткерлерге де талап қатаң болады.

“Қарапайым қызметкредің өзіне жоғары білімі бар болу керек деп талап етеміз. Ал Елбасы, ең жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметке үміткерге оған ешқандай жоғары білімнің қажеті жоқ деген сөз ғой. Сондықтан біз оны міндетті түрде жазғыздық”, – дейді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.

Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астанаға, Елордадағы халықаралық әуежайға беру туралы ұсыныс ескерусіз қалды. Сөйтіп, бас қаланың аты ауыспайтын болды. Жаңа Ата заң бойынша, Қорғаныс, Сыртқы істермен қоса Ішкі істер министрін де Елбасы тағайындайды. Қалған министрлерді премьер депутаттармен келісіп таңдайды. Парламент мүшелері тіпті оларды қызметтен боста да алады. Халық қалаулылары бірінші кімдерді отставкаға жіберетіндерін де жобалап отыр.

“Ең алдымен экономикалық блокка жауатылардан бастайтын шығармыз. Өйткені, экономикалық мәселелер басты назарда. Сондықтан осы саладағы басшылардың мәселесін бірінші қараймыз”, – деді депутат Павел Казанцев.

Соңғы кезде сыннан көз ашпай жүргендердің бірі – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Бірақ, бюджеттің әр тиынына жауапты шенеунік, билікті қолға алған депутаттардың қаһарынан қорқып отырған жоқ.

“Бұл халықаралық талапқа сай келеді, Үкіметтің жұмысы үнемі ашық болуы тиіс. Әрине, бақылау болған жерде шенеуніктің, жалпы мемлекеттік қызметкердің жұмысының сапасы жақсарады”, – деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, Ата заңда террористерді азаматтығынын айыру да қарастырылған. Лаңкестің оқиғалар ұйымдастырғандарға мұндай жаза соттың үкімімен қолданылмақ. Жалпы, Конституцияға 26 өзгеріс енгізіліп отыр.

Ал президент Үкімет пен Парламентке 35 түрлі билігін бөліп берді. Қос палата бірауыздан бекіткен жаңа Ата заңды Елбасы Конституциялық кеңестің қарауына жіберді. Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қол қоюы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Бекболат Тілеухан министрге: Баспасөз бетінде сізді жекпе-жекке шақырам, бірақ жеңіліп қаласыз-ау

Мәжіліс депутаты: Мен әйелімді мың есе артық жақсы көремін

Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Талқылау