Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы сапарын тоқтатпайды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесіне жуық арада өзгерістер енгізу жоспарланбаған. Бұл туралы Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.
«Президенттің Баспасөз қызметі қазіргі уақытта Мемлекет басшысының G-20 саммитіне қатысу үшін ҚХР-да жұмыс сапарымен жүргенін хабарлайды. Елбасының жұмыс кестесіне жуық арада өзгерістер енгізу жоспарланбаған», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Азаттық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы сапарын үзіп, Өзбекстанға баратынын хабарлады.
Жіберіп алмаңыз:
Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Қытайға барды
Өзбекстан Үкіметі президент Ислам Кәрімовтың жағдайы ауыр екенін хабарлады
БАҚ Ислам Кәрімовты жерлеу рәсімі өтетін орны мен уақытын хабарлады
Назарбаев: Үкімет мүшелері мен депутаттар Әнұран ойнағанда қосылып айтып тұрғаны жөн
Талқылау