Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Албан 6 тұрақты жұмысы бар екенін айтып қалды

Нұрлан Албан қауырт жұмыстан қолының босамай жүргенін айтады. Тіпті, өзін «адал ниетті, заңға бағынатын салық төлеушімін» деп таныстырды. Мұнымен қатар, өзінің бірнеше тұрақты жұмысы бар екенін айтып қалды.

18380555_1905148013088954_5096513115189673984_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

«Мен салықтың не екенін білемін. Оның ішінен зейнетақы қорына қанша ақша ұстайтынын да білемін. Өзімнің жеке кәсіпкерлігім мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігім бар. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жұмыстарымның барлығын қыздың жиған жүгіндей реттеуге тырысамын. Мұндай дағдарыс кезінде жұмыссыз отыруға болмайды. Ал тұрақты жұмыс міндетті түрде болуы керек. Менің 5-6 тұрақты жұмысым бар. Мен оларсыз бірде бір қадам баса алмаймын. Тойға қарап отыра беретін болсам, менің отбасымды кім бағады? Жалқаулық – ер адамға оғаш қасиет. Сол себепті мен заңнан қорықпаймын», – дейді Нұрлан Албан.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Заңғар Шымдалиев заң талабының қатал екенін айтып жатыр. Әншілердің салық төленбеген табыс көзі анықталса, оларды қатаң жаза күтіп тұр екен.

«Танымал әншілердің арасында тізім құрастырғанбыз. Интернеттен концерт билеттерінің бағасына дейін тауып алуға болады. Әр аудандағы адамдарымыз оларға ЖК ретінде тіркелу қажет екенін түсіндіріп кеткен. Көбісі заңды тұлға ретінде тіркеліп жатты. Мұнымен қатар, оларға тіркелулері міндетті екенін айтып хабарламалар жіберіп жүрдік. Бұл мәселе тек әншілерге қатысты емес. Жылдық табыс жылына 200 мың теңгеден асса, міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелулері керек», – дейді Заңғар Шымдалиев.


Жіберіп алмаңыз:

Кентал салық төлегісі келмейтінін айтып ашуланды

Әнел Әрінова бұрынғы күйеуінен ұлы үшін “қайыр” сұрағысы келмейтінін айтты

Астанада Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және Ninety one тобы тегін концертте өнер көрсетеді

Тұңғышбай Жаманқұлов шартты түрде жазалануы мүмкін

Талқылау