Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Nur Otan партиясының жаңа құрамы жарияланды

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамына кімдер кіргені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Nur Otan партиясының съезінде партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Оған партия мүшелерінің санына сәйкес барлық облыс өкілдері кірген.

"389 делегаттың 389-ы Саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берді. Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді. Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды", - деп жазылған партия хабарламасында.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдердің үлесі 33,7%-ке дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, яғни 13%-ке дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады.

"Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды. Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты. Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артса, ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2%-ке ұлғайды", - дейді партия.

Осылайша "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде партия саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.

"Nur Otan" партиясының Саяси кеңесінің жаңа құрамы.

Талқылау