"Нөсер жаңбыр жауып, найзағай соғады": Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер алдағы 31 наурыз бен 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің батыс бөлігінде нөсер жауын жаууы ықтимал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай соғып, жаңбыр жауады. Батыста кей уақыттарда нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы:
- Солтүстік-батыста +17…+26°С;
- Солтүстікте +13…+20°С;
- Орталықта +12…+23°С;
- Шығыста +5…+22°С;
- Оңтүстік және оңтүстік-шығыста +23…+32°С;
- Батыста +20…+25°С-тан +13…+20°С-қа дейін төмендейді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен