"Нөсер жаңбыр, тұман мен найзағай болады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет еліміз бойынша 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады. Ел аймақтарында циклон, жауын-шашын мен күшті жел болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Синоптиктердің мәліметінше, 10 қазаннан бастап циклон батысқа, одан кейін Қазақстанның қалған бөлігіне әсер етеді. Салдарынан нөсер жаңбыр (қар аралас жауын), 15-29 м/с дауыл желдің күшеюі, қарлы боран мен көктайғақ болады.
Республиканың оңтүстік және шығыс бөлігінде найзағай мен жаңбыр болып, таулы аудандарда нөсер мен тұман күтіледі.
Аптаның соңына дейін ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.
- батыста күндіз 5-13 градусқа дейін жылы;
- оңтүстікте 20 градус жылы;
- солтүстікте 1-5 градус аяз;
- оңтүстікте 2 градус жылы;
- республиканың орталығында және шығысында 5-13 градус жылы;
- елдің оңтүстігінде 7-12 градус жылы болады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі