Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Норвегия электромобильдер саны бензинмен жүретін көліктерден асып түскен бірінші ел болды

Норвегия электромобильдердің саны бензинмен жүретін көліктердің санынан асып түскен бірінші ел болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: sigmund-rod

Норвегиялық жол қозғалысы туралы ақпараттың кеңестің  (OFV, Opplysningsrådet for veitrafikken) мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйек айында Норвегияда тек бензинмен жүретін көліктерге қарағанда электрлі көліктер саны көбейген. 

Норвегияда жалпы саны 2,8 миллион жеңіл көлік тіркелген. Оның 754 303-і электромобиль болса, 753 905-і бензинмен жүретін көліктер. Бұдан бөлек 366 мыңға жуық гибридті, миллионға жуық дизельді қозғалтқышы бар көлік тіркелген.


Электромобильдердің жаяу жүргіншілер үшін қауіпті екені дәлелденді


OFV директоры Ойвинд Сольберг Торсеннің айтуынша, 2026 жылға қарай Норвегиядағы электромобильдер саны дизельді көліктердің санынан да асып түседі.

OFV мәліметтері бойынша, 2024 жылдың тамыз айында Норвегияда сатылған 11 114 автокөліктің шамамен 94% электрлі мотормен болған. Бұл тізімнің басында 2000 көлік сатқан Tesla компаниясы тұр. 

The Washington Post басылымының мәліметінше, Норвегия үкіметтің бастамаларының арқасында электр көліктерін енгізуде көш бастады. Мұндай бастамаларға  электромобильдерді салықтан босату, тұрақ ақысын төмендету және электромобильдерге автобус жолдарын пайдалануға рұқсат беру кіреді.

Еске салсақ, бұған дейін қытайлық компанияның Шымкентте электромобиль өндірісін ашуды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. 

Талқылау