Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety One” тобының ата-аналары оларға сырға мен боялған шаш үшін ұрысқан

Данияр Құлымшанның әкесі – Ақылбай Өсербайұлы әлемдік және отандық мәдениет тарихы пәнінен оқытушы болған. Ал анасы – Әлия Назарғалиқызы қазақ тілі және әдебиет пәнінен сабақ берген. Данияр отбасының тұңғышы. Одан кейін 1999 жылы туған Әлима есімді қарындасы мен 2006 жылы туған Дәулетияр есімді інісі бар. Ninety one тобының құрамында BALA лақап атымен ән айтып жүрген Даниярдың ерекше қасиеттері мен қызығушылықтары туралы анасы айтып берді.

46WHheoLO1oTAFR1tWs8PxapmbuVRZ

Бұл туралы Уvision.kz блог-платформасында Амангелді Мұхамеджан жазған.

– Балаларыңыздың бойынан ерекше атап көрсететін қасиеттері қандай?

– Ойнаған ойындарын ерекше ептілікпен ойнайды. Ол пластейшн болсын, футбол болсын тағысын тағы. Жазуы анық, әдемі, сөйлегенде де бала болса да анық, түсінікті сөйлейтін. Атасы осы қасиетіне ерекше мән беріп, мақтап қояды.

– Даниярды балаңыз ретінде сипаттап беріңізші. Сүйікті тағамы, сабақтағы үлгерімі, əннен басқа қызығушылықтары т.б.

– Сабақта мұғалім жақсы түсіндірген пәндерге қызығушылығы басым болды деп ойлаймыз. Өте үздік болмаса да, өте жақсы деген бағалармен жиі қуантып тұратын. Сүйікті тағамы – қазаннан жаңа түскен еттің наны, картоп езбесі мен қуырылған котлет, көкөніс сорпасы. Ол 7-сыныптан бастап футболға өте қатты қызығушылық танытты. Кумирі – Месси болды. Жаз, күз, көктем бойы аулада өзі қатар балалармен футбол ойнайды. Өзінің жетістіктерін үйге келіп мақтанып айтып береді. Өзі қазір айтады ғой, әнші болмасам футболист болатын едім деп.

– 16 жастағы балаларыңызды Ерболат мырзаға тапсыру қаншалықты қиын және қалай болғандығын айтып берсеңіздер?

– Ерболат мырзаға тапсырған кездегі ең басты мазалаған жалғыз сұрақ – Ерболат мырзаның қаншалықты кәсіби деңгейде жол көрсететіндігі болды. Бүгінгі күні Ерболат мырзаның шығармашылық бағыты баламыздың да, өзіміздің де көңілімізден шықты деп ойлаймыз. Тек ойландыратын бір мәселе сол – топ мүшелеріне сырға тағып, шаш бояйтын сахналық бейне жасайтын ұтымды тәжірибесін қорғап шықса болғаны.

– Сіздің 91 тобының өнерін қолдайтыныңыз баршамызға мәлім. Алайда Данияр бұл топтың мүшесі болмаса, сіз бұл топты қолдар ма едіңіз?

Бұл тәрізді сұрақты тарихшыға қойсаңыз, ол “Бауыржан Момышұлы Мәскеуді қорғап қалмағанда”, “Қасым Қайсенов өте өжет партизан болмағанда не болар еді” деген қарсы сұрақ қойған болар еді деп ойлаймыз. Сөйте тұра мұның жауабы бар сияқты. Біз бұл топ жөнінде көп нәрсе білмесек те, жаңашылдығын, шығармашылығының алуан түрлілігін ерекше бағалаған болар едік деп есептейміз.

hGJM42nO34le6H476s8kJ88jA2h8by

– Әртүрлі әлеуметтік желідегі айтылатын сын-пікірлерді оқисыз ба? Оларды қалай қабылдайсыз?

– Иә, оқимын. Кейде жүрегім ауырады, жылаймын. Кейде мән бермеймін… Басында балама ұрысып та жүрдім. Сырға неге тағасың деп… Балам маған “Мән берме, жүрегіңе алма. Өнер үшін бір нәрсе құрбан болуы да керек шығар. Біздің сырт кейпіміз де сол сияқты” деді. Сосын қойдым. Талай рет сырт келбеттері жөнінде Ерболатпен де, Асылмен де сөйлестім. Батырханның анасына да айттым, шаштарын бояуға рұқсат етпеңіз деп… Әкесі, керісінше, қарсы емес. Әкесі бұрын мәдениеттану, дін тарихы пәндерінен университетте сабақ берген адам. Ол кісі маған бұрын мұсылман халқында сырға тағу болғандығын, сырғаны не үшін таққандығын, ал шаш бояуды (тек қара түске емес) Мұхаммед пайғамбар да қолдағанын айтып, маған басу айтты. “Онда тұрған ештеңе жоқ, ол – образ, өнер” деді.

– Даниярдың бұл жолды таңдауына жол бергеніңіз үшін өкінесіздер ме?

– Бұл сұрақтың жауабы тікелей Даниярдың қалауымен байланысты. Оның өнерге деген әуестігіне, талғамына, таңдауына, ұмтылысына, қызығушылығына тоқтам болмаса, біз өкінбейміз деп ойлаймын.

– Болашақ келініңіздің қандай болғанын қалайсыз?

– Негізі бұл да тікелей Даниярдың қалауымен байланысты ғой. Алайда бізге өзіне адал, таза, тамақты жақсы пісіретін, пысық болса жақсы еді. Алланың бұйыртқаны болады да. Өтірікші, арам қыздардан Құдай сақтасын деп тілейміз негізі. Ол өзі ақкөңіл әрі аңқаулау ғой, – деп күлді.


Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” продюсерлерінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (фото, видео)

 

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді

Асхат Тарғынмен жаға ұстасқан асаба төбелестің неден шыққанын айтып берді

Талқылау