Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” тобын сынаған Төреғалидің өзі ұлтшыл деп айыпталды

Отандық блогер Данияр Тәжімбет Төреәлінің “Қазақ қызына үйленемін” атты әні туралы өз пікірін білдіріп, әншінің елбасымыздың саясатына қарсы келіп жүргенін меңзеді.

акк

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Төреәлі Төреғалидің “Қазақ қызына үйленемін” әнін тыңдағанымда, ондағы мәтіндер рассалық бөлінушілік, басқа ұлтты бөлек санау деген секілді сипатта естілді. Назарбаев айтқандай, біз бір ұлтпыз, болашағымыз бір, ешбір ұлтты бөлектемейміз деген.
Қазақ тек қазаққа үйленсін, басқа ұлттан қайыр жоқ немесе бізге тең емес деген мағынада ән сөздері кетіп жатыр”, – деп әншінің өзге ұлт өкілдерін төмендетіп жатқанын айтты.

Ары қарай “Мына бейнеклип осы бөлектенуді насихаттап тұрғандай.
Сонда Төреғалиымыз бұл әнімен нені меңгезеді?”, – деп жазып, өзінің фейсбук желісіндегі оқырмандарына ой тастады.

Алайда кей адам мұны арандатушылыққа балады. “Данияр Тәжімбет бауырым, бұл әннің ұлтқа бөлуін көріп отырғаным жоқ. Қазақтың қыздарын қазақ мақтап әнге қоспағанда, басқа біреу мақтап бере ме?”, – сынды пікір білдіргендер де болды. Десе де, блогшы мен әншінің түпкі ойы не болғаны бізге беймәлім.

1

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін әнші Төреғали Төреәлінің заңды жұбайын көрсеткені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау