Ninety One тобының мүшесі Азамат Ашымақын сүйіктісін көрсетті

Ninety One тобының әншісі Азамат Ашымақын көпшілікке сүйіктісін таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Aсе лақап атымен танымал әнші өзінің Instagram парақшасында сүйіктісімен бірге түскен видеосын жариялап, қарым-қатынасын ресми түрде жариялады.
“Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Ол менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді. Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Бақытты болыңыздар. Танысып қойыңыздар, бұл – Нұрила", – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары екі жастың өтетін үйлену тойын талқылап жатыр.
“Азамат той жасамаймын деген”, “Бақытты болсын”, “Қандай керемет жаңалық”, “Бүгін біраз қыз жылап қалатын болды-ау”, “Беташар қашан болады екен”, – деп жазды көпшілік.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"