Ninety One тобының мүшесі ACE алғаш рет әке атанатынын ресми түрде жариялады (видео)

Ninety One тобының мүшесі, танымал әнші Азамат Ашмақын (сахнадағы аты — АСЕ) алғаш рет әке атанатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші қуанышты жаңалығын сүйіктісімен бірге түсірілген бейнежазба арқылы хабарлады. Сондай-ақ оны өзінің Instagram парақшасында жариялаған.
"Біз бұл сәтті үлкен толқумен, қуанышпен күттік. Енді кішкентай құпияны ашатын уақыт келді деп ойлаймын" – деп жазды әнші.
Бейнежазбада достары қатысқан gender party сәті де көрсетілген. Онда болашақ сәбидің жынысы да белгілі болды. АСЕ пен Нұрила алдағы уақытта қыз баланың ата-анасы атанбақ.
Айта кетейік, бұған дейін Азамат Ашмақын өз сүйіктісімен қарым-қатынасын жария еткен. Арудың есімі Нұрила Шакирова. Ол Instagram парақшасында өзін продюсер ретінде таныстырған.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"