Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Никол Пашинян Астанадан түсірілген видеоны қазақ әнімен бөлісті

АрменияФото:Видеодан скрин

Астанаға келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Instagram-парақшасында Қазақстан астанасында түсірілген бейнеролик жариялады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Пашинян терезесінен таңертеңгі тұман басқан Астананы көрсетті. Бейнероликке армениялық премьер қазақстандық BayanSulu тобының "Aua Rai" әнін таңдаған. Видеоның соңында премьер-министр жазылушыларына жүрек белгісін көрсетеді.

"Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін! Мен сіздердің барлығыңызды жақсы көремін", - деп жазған Пашинян жазбасына Қазақстан мен Армения туларының белгісін қосқан.

Жазбаға пікір қалдырған қазақстандықтар саясаткерді жылы қарсы алып, өз кезегінде оған да қайырлы таң тіледі.

Еске салайық, Армения Премьер-министрі Қазақстанға кеше, 20 қараша күні келген болатын. Әуежайда оны Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Ақорданың мәліметінше, Пашинянның сапары екі күнге созылады. Ол екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізеді.

Сапар бағдарламасына екі ел делегацияларының келіссөздері де енгізілген. Онда Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланбақ.

Рая Мінәп
Жұма, 21 Қараша, 2025 09:52
Талқылау