Нидерландыда пәрәнжі киген әйелдерге айыппұл салынады
Нидерланды елінде бетін тұмшаланып киінуге тыйым салынды. Ол 1 тамыздан бастап күшіне енді. Бұл талап мемлекеттік орындар мен қоғамдық жерлерде жүргізіле бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елдің ішкі істер министрлігі құзырлы органдар мен муниципалды органдарды бұл істің орындалуын қадағалауды тапсырды. Қоғамдық орындарда пәрәнжі оранған әйелден құзырлы орган қызметкері оның бетін ашуын талап етуі керек. Егер әйел бас тартса, онда мекемеге енді кірмейді және оған 150 еуро айыппұл салынады.
Алайда, пәрәнжі киюге толықтай тыйым салына ма, ол белгісіз. Өйткені кейбір кейбір мекемелер ол міндеттемені ұстанбайтындарын айтуда.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі