Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та жалаңаш ер адам Бруклин көпіріне Қазақстанның туын іліп, өзенге секіріп кетті

көпір
Фото: Видеодан скрин

Нью-Йоркте 44 жастағы ер адам Бруклин көпірінің мұнарасына шығып, бірнеше туды іліп, кейін шешініп, Ист-Ривер өзеніне секірген. Ол аман қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 2 тамыз күні күндіз болған. Ер адам Манхэттен жағынан көпірдің солтүстік мұнарасына шамамен сағат 14:30-да көтерілген. Ол ілген тулардың арасында Қазақстанның мемлекеттік туы да болған. Сонымен қатар мұнарада жазуы анық оқылмайтын мата да болған.

Полиция қызметкерлері ер адамды төмен түсуге көндіруге тырысқан. Алайда ол өзенге секіріп кеткен. Оқиға куәгерлері түсірген видеодан ер адамның секірген сәтте арқасында сөмкесі болғанын көруге болады. 

Ер адамның жанынан ешқандай құжат табылмаған. Сондықтан оның кім екені, қай елден келгені және не себепті көпірге шыққаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Балқаштағы жағажайлардың бірінде ер адам ресейлік туристі соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Stan.kz
Дүйсенбі, 03 Тамыз, 2026 16:04