"Меккеден келгеннен кейін ішімдік ішіп, темекі шегеді": Баян Алагөзова дін жолында жүрген жұлдыздарды "екіжүзділік" үшін сынады

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy Youtube арнасына берген сұхбатында дін жолында жүрген жұлдыздарды сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баян Алагөзованың сөзінше, бүгінде қоғамда радикалды ойлар айтатын адамдардың көбеюіне жұлдыздар да жауапты.
“Кейбір әртістеріміз көпшілікке Меккеге барғанын көрсетеді. Қасиетті қалада арнайы киімдерді киіп, “Қараңдар, мен осындамын, мен Құдайға дұға етемін, мен Меккедемін” деп суретке түсіп, оны жариялайды”, – дейді ол.
Продюсер құлшылық етіп, бес парыздың бірін орындау әр адамның жеке ісі деп есептейді.
“Бұл – ішкі мәдениет мәселесі. Сен Меккеге немесе басқа қасиетті қалаға барсаң, ешкім сенің қайда болғаныңды, қалай дұға еткеніңді немесе өзіңнің күшіңді қайдан тапқаныңды білуге міндетті емес. Бұл сенің жеке ісің, Құдаймен сөйлесуің”, – дейді ол.
Өнер иесі оны қоғамға көрсету – толық мәдениетсіздік деп атады. Оның сөзінше, кейбір адамдар, осылайша, халықтың оны мойындағанын қалап, қасиетті адамдардың қатарында тұрғанын көрсетуге тырысады.
Сондай-ақ Баян Алагөзова көпшілікке өзін дін жолындағы адам ретінде көрсететін көптеген жұлдыз шариғат бойынша өмір сүрмейтінін ашық айтты.
“Кейбіреулер Меккеден оралғаннан той-думанда жүріп, ішімдікке салынады, мен бәрін білемін. Мұны “екіжүзділік” дейді және бұл туралы біреу айтуы керек”, – деді ол.
Баян Алагөзова тоқалын шәкіртіне үйлендірген имамның әрекетіне ашуланды
Продюсер Меккеге сапар жоғары деңгейдегі сана мен жауапкершілікті талап ететінін айтып, әріптестерін расында дайындалуға шақырды. Ол сапар алдында немесе кейін де лас істерге жол беруге болмайтынын еске салды.
“Ал кейбір “Мен кереметпін, мен Меккеге бардым, ата-анамды апардым” деп мақтанып жүргендердің кейін ішімдік ішіп, темекі немесе тіпті есірткі шегіп жүргенін көреміз. Бұл мүлде әдепсіздік. Адамдарды алдауға болады, бірақ Жаратқанды алдауға болмайды. Білімді адам тыныш жүреді, бұл істі бүкіл әлемге көрсетпейді. Бұл – сана, дінге құрмет және жеке мәдениет мәселесі”, – деп түйіндеді Баян Алагөзова.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік