Қазақстан өз өнімдерін шетелде насихаттау үшін 150 миллион теңгеден астам қаражат бөлді

QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығы шетел мен елімізде семинарлар мен іс-шаралар ұйымдастыруға мемлекеттік қаражаттан 151 миллион теңге көлемінде алмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік сатып алу порталында "Сауда саясатын дамыту орталығы "QazTrade" атына үш лот жарияланған. Олардың бірінде компанияның конференциялар, семинарлар, форумдар, конкурстар, корпоративтік, спорттық, мәдени, мерекелік және осыған ұқсас іс-шараларды ұйымдастырға 41130 000 теңге сұрағаны көрсетілген.
Сонымен қатар, Ауғанстандағы сауда-экономикалық миссияны ұйымдастыруға QazTrade 70 205 000 теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Ал Қытайдағы миссияға – 40 116 000 теңге. Атап айтқанда компания бұл елдерде өз өнімдерін насихаттайтын іс-шара өткізбек.
-
Түркістанда қызметтік ардагер иттер 561 теңгеден сатылымға шығарылды
-
Қостанайда үлескерлер рұқсат қағазы жоқ компанияға ақша салып, нысансыз қалды
Барлық үш лот бойынша өтінімдерді алдын ала қабылдау 30 наурызда басталып, 6 сәуірде аяқталады.
Мұнай бағасы 200 доллар болған жағдайда Қазақстан экономикасына не болады