Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Фото: Жақындарының архиві
Қостанайда еріктілер, полиция қызметкерлері және құтқарушылар бір апта іздеген 17 жастағы баланың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру кезінде полиция қызметкерлері Владимир Орелдің денесін Гагарин бөгетінің жанындағы қамыс алқабынан тапты. Оның мәйітінен ешқандай қылмыс белгілері анықталмады.
Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірім 6 күннен бері табылмай жатқаны айтылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі