Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Непалда “зумерлер революциясынан” кейін бұрынғы рэпер премьер-министр болып тағайындалды

Фото: reuters.com

Бұрынғы рэпер “зумерлер революциясынан” кейін Непалдың премьер-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұрынғы рэпер, Катманду қаласының экс-мэры Балендра Шах енді Непалдың премьер-министрі. Саясаткер небәрі 35 жаста. Ол елдегі ең жас көшбасшылардың бірі атанды.

Балендра Шах – білімі бойынша инженер, алайда танымалдылыққа рэп орындаушысы ретінде қол жеткізген. Өз туындыларында ол елдегі жемқорлық, кедейлік және басқа да мәселелерді ашық көтерген.

Шах күтпеген жерден саясатқа араласып, 2022 жылы тәуелсіз үміткер ретінде сайлауға қатысып, Катманду қаласының мэрі болып сайланды. Мэр қызметінде ол заңсыз құрылыстарды бұзу, ел билігімен кикілжіңдері және қатаң шешімдерімен есте қалды.


Әлеуметтік желілерге тыйым салынуы, премьердің отставкасы: Непалда "Z ұрпақ" үкіметті не себепті құлатты

Непалда наразылыққа шыққандар қаржы министрін шешіндіріп, өзеннен жалаңаш өткізген (видео)


Айта кетейік, Непалда 2025 жылдың күзінде әлеуметтік желілердің бұғатталуына байланысты жастар арасында жаппай наразылықтар басталған еді. Ереуілдер күштік құрылымдарымен қақтығыстарға ұласып, ондаған адам қаза тапты. Осы оқиғалардан кейін ел премьер-министрі отставкаға кетті.

Шах наразылықтарды қолдап, ескі элитаны қатты сынады. Осы әрекет оның ел арасындағы танымалдығын арттырған. 2026 жылдың 5 наурызында өткен мерзімінен бұрынғы парламент сайлауында оның "Растрия Сватантра" партиясы парламентте көпшілік орындарды жеңіп алды.

Саясаткер сайлаудағы жеңісінен кейін де музыканы құрал ретінде пайдалануды жалғастыруда. Сайлаудан кейін Шах “Jay Mahakaali” атты ән шығарып, туында бір сағат ішінде жүздеген мың қаралым жинады. Ол өз әнінде елдің бірлігі, патриотизм және Непалдың болашағы туралы сөз қозғаған. 

STAN.KZ
Жұма, 27 Наурыз, 2026 21:52