Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің қызметкері Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің қызметкері Астанада түнгі клубтың жанында 18 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астана қалалық полиция департаменті BHB түнгі клуб маңында 18 жастағы жігіттің өліміне күдіктілердің бірі құқық қорғау органдарының қызметкері екенін растады.

Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жігіттің өлтірілуі бойынша тергеудің аяқталғанын, іс материалдары айдың соңына дейін сотқа жолданатынын хабарлады. 

Сондай-ақ департамент өкілдері күдіктілердің бірі Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) қызметкері болғанын мәлімдеді. Оқиғадан кейін ол қызметінен босатылған. 

“Күдікті расында Ұлытау облысы бойынша ҚАЖК қызметкері болған. Оған қатысты қызметтік іс қозғалып, жұмыстан босатылды және қазіргі уақытта изоляторда қамауда отыр”, – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, 2025 жылдың 28 желтоқсанында Астанадағы түнгі клубта әлдекімдер 18 жастағы жігітті өлтіріп кеткені туралы жазған едік. 

STAN.KZ
Жұма, 27 Наурыз, 2026 19:35