"Нағыз жылы көктем": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде шуақты ауа райы күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, нағыз жылы көктемгі ауа райы күтіледі.
“Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейбір күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі күтіледі”, – делінген хабарламада.
Күндізгі ауа температурасы:
- батыста +18, +27°С дейін;
- солтүстікте +10, +17°С дейін;
- орталықта +15, +25°С дейін;
- шығыста +12, +20°С дейін;
- оңтүстікте +23, +30°С дейін жылынады;
- ал оңтүстік-батыста температура сәл төмендеп, +13, +20°С шамасында болады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі