Депутат "Болашақпен" оқитын жауапсыз студенттер бюджетке қанша шығын әкелетінін есептеп, бағдарлама ережесін өзгертуді ұсынды

Халық партиясының депутаты Магеррам Магеррамов “Болашақ” бағдарламасы арқылы оқып, кейін Қазақстанда жұмыс істеу міндетін орындамағандар қайтаратын қаражатты әдеттегіден көбейтуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат бағдарламаға жақсы қаражат бөлінетінін алға тартты.
“Бағдарлама іске қосылған жылдардан бері мыңдаған отандастарымыз мемлекеттік қаражат есебінен әлемнің жетекші университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Әртүрлі бағалауларға сәйкес, магистратура бағдарламасы бойынша бір стипендиатқа кететін шығын 60–150 мың АҚШ долларын, ал докторантура бағдарламасы бойынша 200–250 мың долларды құрауы мүмкін.
Қазіргі механизм бойынша, егер стипендиядан айыру немесе Қазақстанда жұмыс істемеу сияқты міндеттер орындалмаса, мемлекетке қайтару қарастырылған қаражат тек нақты шығындар бойынша жүзеге асады. Инфляция немесе ақшаның уақыттық құны есепке алынбайды. Бұл дегеніміз, қаражатты қайтару бірнеше жылдан кейін болса да, мемлекет номиналды сол соманы ғана алады”, – делінген сауалда.
Магеррамов бірнеше жыл уақыт ішінде инфляцияға қарау бұл қаражат шетелде қалғандар үшін аз болатынын алға тартты.
“Экономистердің есептеуінше, егер инфляция жылына 3% болса, 5–10 жыл ішінде қаражаттың нақты құны шамамен 15–30% төмендейді. Егер мемлекет бір стипендиатқа 100 мың доллар төлесе, 10 жылдан кейін бұл қаражаттың инфляцияны ескерген нақты құны шамамен 134 мың доллар болуы керек. Егер номиналды соманы ғана қайтарса, бюджет бір адамнан шамамен 34 мың доллар көлемінде шығын көреді. Ал кейбір стипендиаттар үшін шығын 150–200 мың долларға жететін болса, 8–10 жыл ішінде бюджет жоғалтуы мүмкін қаражат 50–70 мың долларды құрайды. Тіпті мұндай жағдайлар аз болса да, жалпы бюджет шығындары үлкен сомаға жетуі мүмкін”, – деп қосты ол.
Депутат шәкіртақы қаражатын қайтару сомасына индексация енгізу ұсынды. Онда:
- қайтару сомасын ресми инфляция деңгейіне немесе Ұлттық банк ставкаларына сәйкес түзету;
- мемлекеттік бағалы қағаздар кірісі бойынша индексация қолдану;
- қаражаттың уақыттық құнын өтейтін басқа экономикалық негізделген көрсеткіштерді пайдалану көрсетілген.
Магеррамов "Болашақ" бағдарламасына өзгеріс енгізіп, стипендиядан айыру немесе міндеттемелер орындалмаған жағдайда оқу шығындарын индексациялау механизмін қарастыруды ұсынды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған