Жыр алыбы Жамбылдың шөбересі белсенділік танытты

Бүгін таңның атысымен Жамбыл ауылында ерекше рухты күн басталды. Ұлттық киім киген өнерпаздар мен батырлар, көкпаршылар ауылдың орталық көшесімен жүріп өтіп, ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың тікелей ұрпағы Салтанат Жамбылова бастаған Жамбыл атаның ұрпақтары өздерінің сайлау учаскелеріне барып, республикалық референдумда дауыс берді. Ата дәстүрін ардақтап, елдік құндылықтарды жоғары қоятын Жамбылдың ұрпақтары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетті.

Бірлігі жарасқан әулет ата аманатына адалдық танытып, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге жауапкершілікпен қараудың өнегесін көрсетті.

"Референдум – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ойын білдіретін маңызды мүмкіндік. Жамбыл атамыз елдің бірлігі мен татулығын жырлаған ақын. Біз де сол аманатқа адал болып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Сондықтан бүгін отбасымызбен келіп, өз таңдауымызды жасадық. Еліміздің болашағы жарқын болсын", – деді Жамбыл атаның ұрпағы Салтанат Жамбылова.

"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?