"Өзі көлік алуды қалады": ШҚО әкімдігі 100 жастағы ардагерге неге көлік сыйлағанын түсіндірді

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 100 жастағы ардагерге неге көлік сыйлағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов ресми ақпарат берді.
“23 ақпанда Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Еремеевич Стрехоның 100 жасқа толуына орай мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен емес, демеушілердің қаражатына құны 6,5 миллион теңге тұратын жаңа автокөлік сатып алу ұйымдастырылды. Көлік маркасы – 2025 жылы шығарылған Chevrolet Cobalt.
Соғыс ардагері Павел Еремеевич Стрехоға жаңа көлік сыйлаудың себебі: алдымен Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов ардагерге ақшалай сыйлық ұсынды. Бірақ ол қаражаттан бас тартып, оның орнына көлік алғысы келетінін білдірген”, – деді әкімдік.
Ведомствоның айтуынша, ардагер белсенділік танытып ауданға жиі қатынайды.
-
Қазақстанда ардагерлер мен мүгедектер тізіміне үлкен тексеріс басталды: Кімдер жәрдемақыдан қағылады
“Ардагер Глубокое ауданының қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастар арасында тәрбиелік жұмыстар жүргізіп келеді. Сонымен қатар аудан аумағында жиі жүріп-тұрып, Өскемен қаласына да тұрақты түрде барады.
Осыған байланысты демеушілердің қаражатына құны 6,5 миллион теңге тұратын 2025 жылғы Chevrolet Cobalt көлігі сатып алынды. Бүкіл аудан сыйлыққа ақша жинады. Көлік ардагердің атына рәсімделген. Сенімхат негізінде көлікті оның ұлы жүргізіп, тасымалдауды қамтамасыз етеді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстанда шенеуніктер 100 жасқа толған ардагерге көлік сыйлағаны туралы хабарлаған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан