БҚО-да кооператив директоры мен кәсіпкер жол жөндеуге бөлінген 56,5 миллион теңгені жымқырды деп айыпталуда

БҚО-да өндірістік кооперативтің директоры мен кәсіпкер жол жөндеуге бөлінген бюджет ақшасын жымқырды деп айыпталуда. Олар жалған актілер жасап, жолды толық салмаған. Ал 56,5 миллион теңгені өзара бөліп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бюджет автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген.
“2023 жылғы наурызда "Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мен "Сапак" өндірістік кооперативі Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 миллион теңгеге келісім-шарт жасаған.
Алайда "Сапак" ӨК директоры мен "Ак-Би" ЖШС директоры ақшаны жымқыру схемасын ұйымдастырған. Олар орындалған жұмыстар туралы жалған актілер жасап, асфальт төсеу, жер қазу, бетондау, су құбырларын жүргізу сияқты жұмыстардың бәрі жасалған деп көрсеткен. Бірақ іс жүзінде бұл жұмыстар толық немесе дұрыс көлемде орындалмаған”, – делінген хабарламада.
Жалған актілер негізінде тапсырыс беруші бюджет қаражатын "Сапак" ӨК-нің есепшотына аударып отырған. Кейін қаражат олардың арасында бөлінген.
“Мемлекетке келтірілген материалдық залал 56,5 миллион теңгені құрады. Сот санкциясымен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды. Оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін сот осы "Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" ММ басшысын лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты