Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Байсуфинов бастаған ұлттық құраманың толық бапкерлер құрамы белгілі болды

Талғат БайсуфиновФото:ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының толық бапкерлер құрамы анықталды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов бастаған жаттықтырушылар штабы:
    •    Иван Азовский – бас бапкердің көмекшісі
    •    Марат Еслямов – бас бапкердің көмекшісі
    •    Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі
    •    Юрий Новиков – қақпашылар жаттықтырушысы
    •    Мұхтар Ерімбетов – дене даярлығы бапкері

Айта кетейік, наурыз айында Қазақстан құрамасы FIFA Series 26 турниріне қатысады. Астанада өтетін жарыста ұлттық құрама Комор аралдары және Кувейт / Намибия құрамаларына қарсы ойнайды.

Бұған дейін  Талғат Байсуфинов 2026 жылдың қаңтар айында Қазақстан ұлттық құрамасының ресми түрде бас бапкер қызметіне тағайындалды.

Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құраманы уақытша тізгіндеген. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді.

Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026 21:23