Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"37 градусқа дейін аяз болады": Алдағы демалысқа арналған ауа райы болжамы жарияланды

22 градусқа дейін аяз__ Алдағы демалысқа арналған ауа райы болжамы жарияландыФото: Ru.freepik.com

Ақпанның соңғы онкүндігінде қар жауып, аяз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттарды әсер етіп, жауын-шашын болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей өңірлерге қалың қар түседі. Оңтүстік облыстарда жаңбыр жаууы ықтимал.

Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ болып, тұман түседі.

Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы (ЕТР) аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10-22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17-25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0-8 градус аязға дейін төмендейді.

23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі мүмкін. Кей жерлерде 25-37 градусқа дейін аяз болы ықтимал.

STAN.KZ
Жұма, 20 Ақпан, 2026 16:27