Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2026 жылы Қазақстанда ауызашар құны қанша

7990 теңге: 2026 жылы Қазақстанда ауызашар құны қаншаФото: Pexels.com

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында мейрамханалар мен дәмханалар ауызашарға арналған арнайы сеттерді ұсынып жатыр. Мәзірдегі сеттердің бағаларында айырмашылықтар бар: қолжетімді бағадан бастап, премиум форматтағы қымбат тағамдарға дейін таңдауға болады. Stan.kz редакциясы Алматыдағы ауызашар сеттерінің бағасы мен құрамын салыстырып көрді.

Еліміздегі танымал асханалар желілерінің бірі ауызашарға орай 3 сет әзірленген. Олардың бағасы 2500 теңгеден басталып, 3500 теңгеге дейін барады. Мәзірде еттен жасалған ұлттық тағамдар, әртүрлі сорпалар, сондай-ақ бірнеше салат түрі бар. Сусын ретінде сүтті шай ұсынылады. Әр сетке су мен құрма тегін беріледі. Мәзірде құнарлы тағамдар жетерлік. 

Сондай-ақ тағы да дәмханасы да Рамазан айында ораза тұтқан жандарға арнайы ас мәзірін ұсынды. Дәмханада 7 сет ұсынылған. Мәзірде негізгі тағам, сорпа, салат пен жеміс-жидек және бәліштер бар. Сондай-ақ су мен құрма да сеттің ішіне кіреді. Қай сетті таңдасаңыз да бағасы – 3000 теңге. 

Алматы ауызашар сеттерАл Алматыдағы қолжетімді сегменттегі мейрамханалардың бірінде аптаға арналған 7 сет ұсынылған. Мейрамхана палау, манты секілді негізгі тағамдар, сорпа түрлері, десертке тәтті бәліштер мен компот, шай секілді кешенді ауызашар жиынтығын ұсынады. Мұндағы сеттердердің бағасы – 7990 теңге. 

Алматы ауызашар сеттер

Орта сегменттегі тағы бір мейрамхана ауызашарға 3 кешенді ауызашар жиындығын ұсынады. Сет бағалары 5990-6490 теңге аралығында. Ораза тұтқандар 17:00-ден бастап, 19:30-ға дейінгі уақыт аралығында келіп, оразасын аша алады. Жиынтықта негізгі тағамдар бар. Тары қосылған шай, қымызды қосымша сатып алу керек. 

Алматыдағы этно‑кафелердің бірі ифтарға 2 сет ұсынып отыр. Орта сегментке жататын мейрамханадағы кешенді тағамдар құрамына негізгі ыстық тағам, гарнир немесе салат, кейбірінде сорпа және қосымша дәмдеуіштер және тұздықтар кіреді. Екі сеттің де бағасы – 6000 теңге. Бұл – ауыз ашуға арналған тойымды кешкі ас жиынтықтары.

Алматы ауызашар сеттер

Ал егер үнемдеймін десеңіз, төмендегі азық-түліктің бағасымен салыстырып, үйде отбасыңызбен жиналып, молынан дастархан жайсаңыз болады. Мысалы, сиырдың шабылған төс етінің бағасы келісіне 3050 теңге деп тұр, ал екі келілік ұнның құны – 709 теңге. Салыстырмалы түрде палау мен борщ тағамын алып оның құрамындағы азық-түліктің бағасын шығарып көрейік.

палау құрамы

борщ құрамы

Фото: Stan.kz

Осылайша, 7 000-7500 теңге шамасында отбасыңызға ыстық тағам әзірлеп, дастархан жайып, жақындарыңызды қуантсаңыз болады. 

Еске салайық, бұған дейін мамандар Ораза кезінде қалай тамақтану керегін айтқан еді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026 17:34