Сонымен қатар видеоматериалдарда нысандар заңды әрі сенімді деп көрсетілген, бұл ақпарат әлеуетті инвесторларды адастыруы мүмкін еді.
“Нәтижесінде Ниязовты Абай облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаментінің материалдары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 455-бабы, 2-бөлігі, 8-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Белгіленген айыппұлды ол толық төледі”, – делінген хабарламада.
Дереккөздердің мәліметінше, 137 мың теңге айыппұл салынған. Ал жарнама үшін журналист 6 миллион теңге алған. Қазір құрылыс компаниясының өкілдері қамауда отыр.
“Курсив” порталы журналистің өзімен сөйлескен.
“Бұл жағдай болған кезде мен әкімшілік жауапкершілікке тартылдым. Айыппұлды алғашқы жеті күнде толық төледім”, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Асхат Ниязовтың Семейдегі Dala SK тұрын үй құрылыс компаниясын жарнамалап, басы дауға қалды. Журналистің жарнамасынан кейін қазақстандықтар жаппай баспанаға қаражат салған. Ал компанияның өзінде құрылыс салу туралы лицензия әу баста болмаған.
