Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok желісінде терроризмді насихаттаған қазақстандық 7 жылға сотталды

Фото: pixabay.com

Семейде TikTok-те анонимді аккаунттар арқылы терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абай облысының прокуратурасының мәліметінше, сот онлайн-платформаларды пайдалана отырып терроризмді насихаттаған азаматты ісін қараған. 

“Қазақстанда "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, тыйым салынған. 2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін айыпталушы "TikTok" әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған”, – делінген хабарламада.



Сот үкімімен айыпталушы қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 16:20