Қазақстанда TikTok арқылы жұртшылықты емдеген "емші" ақшаны букмекерлерге жұмсаған

Астанада TikTok желісіндегі жалған "емші" сотталды. Ол ерекше қабілетім бар деп адамдарды алдап, емдегені үшін 5,5 миллион теңгеден аса қаражат алған. Ал тапқан ақысын ставкаға салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, тұрғын TikTok-та экстрасенстік қабілеттері бар екенін айтып, аккаунт ашқан.
“Әлеуметтік желілер арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген ол, өзін ерекше қабілеттерге ие тұлға ретінде көрсетіп, белгілі бір ақыға "емдеу" қызметін көрсете алатынына сендірген.
Осылайша, кінәлі 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеден асатын ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде ставка жасауға жұмсаған”, – делінген хабарламада.
-
Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқан қазақстандық жауапқа тартылды
-
Қазақстандықтар америкалық азаматқа қарындасын бір күн ішінде әлеуметтік желі арқылы тауып берді
Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемені ұсынды.
“Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген. Сот үкімімен кінәлі адамға 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді”, – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған