Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасы үшін сенімді тірек болған": Шымкенттегі төбелесте қаза тапқан азаматтың әкесі ұлы туралы айтты

Фото: Желі кадрларынан скрин

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін туындаған төбелес салдарынан қаза болған 40 жастағы Василий Колесниковтың әкесі ұлының қандай адам болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ZTB Telegram арнасындағы видеода марқұмның әкесі Александр Колесников бір жыл бұрын жұбайы қаза тапқанын алға тартты. Ол Василийді әрдайым жақындары мен көршілеріне көмектесетін, спортпен айналысатын және отбасы үшін сенімді тірек болған адам ретінде еске алды.

“Отбасымызда енді оның орны ойсырап тұрады. Өзі спортшы еді. Балаларға білгенін үйрететін. Жанымызда жүрген адамның бір сәтте жоқ болуы өте қиын. Жұбайымнан бір жыл бұрын айрылып едім. Енді міне, ол да кетті”, – деді әкесі. 



Әкесінің айтуынша, ұлы мүгедектігі бар кішкентай балаға ерекше қамқорлық танытқан. Василий бір жаққа шықса, оған міндетті түрде бірдеңе әкелуге тырысатын дейді. 

Еске салсақ, Шымкентте жол апатынан кейінгі дау төбелеске ұласып, бір адам қаза тапқаны айтылды. Кейін полиция төрт адамды ұстап, "Кісі өлтіру", "Бұзақылық" және "Адам ұрлау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026 10:44