Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арнайы әскери операция бастау керек": Ресейлік тележүргізуші Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

Ресейлік тележүргізуші Орта Азия мемлекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

Фото: gazeta.ru

Ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьёв Мәскеу теориялық тұрғыдан “арнаулы әскери операцияны” Украинада ғана емес, посткеңестік кеңістіктегі өзге елдерде де бастауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, Ресей үшін негізгі қауіп аймақтар – Армения және Орталық Азия мемлекеттері. Соловьёвтың пікірінше, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан дәл осы бағыттар Сирия немесе Венесуэладағы жағдайдан әлдеқайда маңызды әрі басым назарда болуға тиіс.


"Ресей Қазақстанды, Украинаны, Кавказды беріп қойды": АҚШ-та Буш пен Путиннің әңгімесі жария болды


“Армениядан айырылу – орасан зор проблема. Біздің Азиядағы Орталық Азия мәселеcі де біз үшін аса үлкен қатер тудыруы мүмкін. Біз өз мақсаттарымыз бен міндеттерімізді өте нақты айқындауымыз керек. Біз “ойын бітті” деп ашық айтуымыз қажет. Халықаралық құқыққа да, халықаралық тәртіпке де түкіргеніміз бар. Біз ұлттық қауіпсіздік үшін Украина аумағына арнайы әскери операция бастадық. Оны Ресейдің "ықпалы жүретін" басқа аймақтарына да жасай аламыз” – деді ол.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 20:30