Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті екенін білмеген: Дәрігерлер әйелден алып кистаны алып тастау кезінде сәби тапты

Фото: Oleg Ivanov IL / Shutterstock / Fotodom

АҚШ-та дәрігерлер жоспарлы ота кезінде науқастың ішінен баланы тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Huffpost-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

41 жастағы медбике Сьюз Лопес салмағы он келілік алып аналық без жылауығын (киста) алу үшін ауруханаға келген. Алайда ота барысында дәрігерлер оның құрсағындағы толық дамыған нәрестені көрген. Ұл балаға Рю деген есім берілген. Ол жатырдан тыс дамып келген. Дәрігерлер ультрадыбыстық тексеру кезінде баланы байқамаған, себебі оның жанындағы жылауық баскетбол добының көлемінде болған.

“Бұл шын мәнінде керемет”, – деді Лос-Анджелестегі Cedars-Sinai медициналық орталығының босану бөлімінің жетекшісі Джон Озимек.

Ол 30 мың жүктіліктің біреуі ғана жатырдан тыс жүреді, ал аналар мұндай баланы тоғыз ай бойы көтеріп шығара алуы өте сирек кездесетінін түсіндірді. Әйел жүкті екенін білмеген, себебі ешқандай симптом байқалмаған, ал ішінің шыққанын жылауыққа байланысты деп ойлаған.

Хирургтар тобы күрделі ота жүргізіп, бір уақытта жылауықты алып, 3,6 келі салмақты сау нәрестені дүниеге әкелді. Ота кезінде науқас көп қан жоғалтқанымен, дәрігерлер қан тоқтатып, қан құю жүргізе алған. Ана мен бала толық сауығып шықты. Сьюз баласын ең жақсы сыйлық әрі шынайы ғажайып деп атайды.

Айта кетейік, бұған дейін шүберек қуыршақтың әйелі одан төртінші “баласын дүниеге әкелгені” хабарланған еді.

STAN.KZ
Жексенбі, 04 Қаңтар, 2026 23:29