Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экстрасенс болжамы: 2026 жылы Қазақстан тұрақтылықты сақтай ала ма?

Экстрасенс 2026 жылға болжам жасадыФото: Ru.freepik.com

Украиналық экстрасенс Анна Ефремова 2026 жылы Қазақстанды не күтіп тұрғанын айтты. Өз болжамында ол Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатыныс орнату шеберлігін ерекше атап өтті. Айтуынша, жүйе ішінде жұмыс істеу тәртібі, төлемдер, салықтар мен еңбек шарттары өзгеріске ұшырайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Экстрасенс Қазақстандағы ең өзекті мәселе, отбасылық қиындықтарды қозғады. Ол қазақстандық әйелдер мен балалардың тағдырына алаңдайтынын жеткізді.

“Қазақстанда ұзақ жылдар бойы жүзеге асырып келе жатқан қаржылық өсім мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді жобалар бар. Сондай-ақ Қазақстанның серіктестер мен жобалар алдында жауапкершілігі бар. Елдің ішінде неке мен отбасы мәселелері өзекті. Зорлық-зомбылық, ықпал ету, еркіндік пен бостандықтың жоқтығы, опасыздық, көп әйел алу. Балалы болу мәселесі де көтеріледі. Атап айтқанда, балаларды қамтамасыз ету, ана мен бала қорғау, отбасыда балаға зәбір көрсету, әйелдің отбасындағы құқығы мен міндеттері, балалардың дамуы. Бұл бұрыннан келе жатқан проблема, яғни 2026 жылы да аталған дүниелер қайталанады”, – дейді украиналық экстрасенс.

Оның сөзінше, Қазақстан ел сырттан келуі мүмкін жойқын үдерістерді тежеу үшін өз аумағындағы белгілі бір ресурстарға сүйеніп, нақты ставка жасап отыр.

“Көрші мемлекеттермен тиісті келісімдер бар. Қазақстан өзіне бағытталған қауіп-қатерлерге қарсы тұруға дайын және қажет болған жағдайда шабуыл жасауға да әзір. Әскери тұрғыдан алғанда, бұл жерде бастама да, күш те бар, өз жерін қорғауға деген ерік-жігер де жеткілікті. Бұған халықты та, билік те ерікті. Жұмыс орындары бар, адамдар жеке кәсіппен айналысады. Бұрыннан келе жатқан ескі мекендер қаңырап қалуы ықтимал. Жүйе ішінде жұмыс істеу тәртібі, төлемдер, салықтар мен еңбек шарттары өзгеріске ұшырайды”, – дейді ол.

Айтуынша, елге үйреншікті болған кейбір өмір салттарынан бас тартуға тура келеді. Өйткені бұл салаларда қайта құру, жаңғырту үдерістері жүреді. 

2026 жылы Қазақстанның экономикасы қандай болмақ?

Экономиканы дамытуда қай бағытты таңдау, негізгі басымдықты қай салаға беру мәселесі әзірге нақты емес дейді экстрасенс. Дегенмен, 2026 жылы Қазақстан экономикасы тұрақты болады.

“Беларусь және Украинамен салыстырғанда жағдай әлдеқайда жақсы. Бизнес дамып жатқанымен, бәсекелестік күрес айтарлықтай күшейген. Елдің ішкі жағдайына басқа мемлекеттердің ықпал ететін факторлары да бар. Соған қарамастан, Қазақстанның өзі орнықты, төзімді мемлекет болып қала береді. Ең бастысы, елдің қолында белгілі бір экономикалық қорлар бар, сол себепті 2026 жылы Қазақстанның жағдайы осал болмайды керісінше, экономикасы нығайып, өзіне сенімді ел болады”, – дейді Анна Ефремова.

Экстрасенстің айтуынша, Қазақстанда шетелдік серіктестіктер мен келісімдер бар. Алайда билік ауыспайды дейді ол. Сондай-ақ 2026 жылы билікте ауқымды, түбегейлі өзгерістер байқалмайтынын жеткізді.

Елде қақтығыс болуы мүмкін бе?

Қазақстан халықаралық байланыстарды шебер дамытып келеді. Келіссөздер мен ресми сапарлар аясында ел өзін белсенді әскери әрекеттерден қорғап отыр. Қазақстанда 2026 жылы әскери қақтығыс күтілмейді. 

Бұл кезеңде мемлекет жұмыс орындарын кеңейту, бизнес пен кәсіпорындарды дамыту, сондай-ақ логистикалық басқару жүйелерін қалыптастыруға басымдық беруі тиіс. Логистика тақырыбы да өте өзекті. Бизнес пен еңбек саласына инновациялық технологияларды енгізу елге бәсекелік артықшылық пен қосымша ресурстар береді.

Жалпы алғанда, келер жылы Қазақстанға төнетін ешқандай қауіп жоқ.

Сондай-ақ ерлі-зайыпты Абузяров Ринат пен Набатова Елена 2026 жылдың Қазақстанның дамуы үшін маңызды әрі күрделі кезең екенін айтты.

“Жыл қарбаласпен басталып, кейін мүмкіндіктер мен қолдау жол ашады, ал жылдың соңына қарай қатаң тексеру мен байыпты шешімдер фазасына өтеді. Бұл жылда көптеген нәрсе тек сыртқы жағдайға ғана емес, сонымен қатар оны іштей қандай күйде өткізетінімізге де байланысты болады. 2026 жылдың қазанынан кейін Сатурн кезеңі басталады – бұл тәртіп, жауапкершілік пен кармалық нәтижелер планетасы. Бұл кезең салық саясатын қатаңдату, салықтар мен шығындарды қайта қарау, басқару жүйесін қайта құрылымдау, соның ішінде сыртқы факторлар мен халықаралық орта тарапынан экономикалық қысым жасау кезеңі болады, бірақ болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік береді”, – дейді экстрасенстер.

Айтуларынша, елдің кармасы бар – ол бұрыннан қалыптасқан оқиғалар мен процестер. Бірақ бәрі біздің болып жатқан жағдайды қабылдауымызға, қабылдаған шешімдерге және еркімізге байланысты дейді ерлі-зайыпты.

Ал белгілі нумеролог Гүлжан Ким өз өмірінің циклдік кезеңін білетін адамдар үшін келесі жылды өткеру әлдеқайда жеңіл болады және олар мүмкіндіктерді жіберіп алмайды дейді. Себебі оның айтуынша, жылдың жалпы энергиясы – бірлік. Ал 1 саны – біздің өміріміздегі ең маңызды ұғым, бәрін нөлден бастау.

2026 жыл – үлкен өзгерістер мен трансформация жылы

Уақыт өте жылдам өтеді:

  • Нәтижелер бірден көрінеді;
  • Шешімдер жылдам қабылданады;
  • Көшіп-қону жиілейді;
  • Адамдар жұмыс орнын жиі ауыстыруы мүмкін;
“Туған күні бойынша қай циклде тұрғанын білетіндер үшін, яғни, есеп бойынша 1, 3, 5, 6 немесе 8 саны шығатын адамдар үшін – бұл жыл шешуші, маңызды кезең болмақ. Өз миссияңыз бен өмірлік мақсатыңызды білсеін адамдар үшін өзін дамыту өте маңызды. Адам өз миссиясын және кармалық міндетін білсе, өмірді әлдеқайда жеңіл өткереді. Жылдың энергиясы бізге сынақтар мен сабақтар береді. Егер біз олардан саналы түрде өтсек – жылдың соңында оның жемісін жейміз. Келер жыл өте қуатты әрі күшті болады.”, – дейді Гүлжан Ким. 

Оның сөзінше, көптеген адамдар үлкен трансформациядан өтеді, адамдар өзін қайта қалыптастырып, құрай бастайды: өмірін, кәсібін, болашаққа арналған іргетасты құрайды.

2026 жылы кімде жақсы табыс табады

Келер жылы мына салаға қатысы бар адамдардың табысы артады:

  • Құрылыс, жылжымайтын мүлік, жөндеу жұмыстары;
  • Онлайн жұмыс (үйден, әлемнің кез келген жерінен);
  • Саяхат, көшіп-қону, халықаралық істер;
  • Шетелде жұмыс істейтіндер.
  • Психлогия;
  • Коучинг;
  • Нумерология,
  • Түпсанамен жұмыс.
“Адамдар өмірін өзгертуге тырысады, күш-қуаты тасып тұр, бірақ неден бастарын білмейді. Сондықтан өз мақсатын, миссияын, өмірнің мәні мен бағытын іздейді. Сол себепті келер жылы нумерологтар, коучтар мен психлогтарға сұраныс артады. 2026 жыл саяхат үшін ең қолайлы мезгіл болмақ. Көпшілігінде шетелге қоныс аударуға, басқа елде кәсіп ашуға, халықаралық нарыққа шығуға, шетелге оқуға түсуге жақсы мүмкіндіктер туады”, – дейді Гүлжан Ким.

Айтуыншаа, бұл жыл – бастама жылы. Күтіп, созбақтауға, күмәндануға болмайды дейді ол. Керісінше, жауапкершілік алып, бағытыңды айқындап, өз ісіңді бастап, көш басында болуға ұмтылуға кеңес береді.

“Бизнес, блогинг, сату салалары дамиды.  Сәйкесінше, блогрлер, кәсіпкерлер, сауда бизнесімен айналысатында және онлайн жоба жасайтындар байиды. Сауда бизнесінің дамуына адамдардың халықаралық нарыққа шығуы, ісін ауқымды етуге ұмтылуы себеп болмақ”, – дейді белгілі нумролог.

STAN.KZ
Бейсенбі, 01 Қаңтар, 2026 12:00