Сарапшылар әлемде ең көп таралған және қолданысы азайған тілдер тізімін жариялады
Фото: pixabay.com
Әлемде халықтың үштен бірінен астамы ең танымал он тілдің бірінде сөйлейді. Сарапшылар осы кең таралған тілдер мен қолданысы төмендеген тілдер тізімін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Naked-science басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Инфографикада 1996 жылы қай тілдер кең таралғаны және 2025 жылы қай тілдер ең танымал болғаны көрнекі түрде көрсетілген. Әлемде кең танымалдыққа ие алғашқы үштіктегі тілдер өз орындарын сақтап қалды. 1996 жылы да, 2025 жылы да ең көп таралған тілдер ретінде мандарин (қытай), испан және ағылшын тілдері қалды.
Бенгал тілі өз орнын жоғалтты: 1996 жылы ол төртінші орында болған, дегенмен оның ана тілі ретінде сөйлейтіндер саны 189 миллионнан 242 миллионға дейін өсті. Ал 2025 жылы төртінші орынды хинди тілі иеленді. Бұл тілді ана тілі деп санайтындар саны 182 миллионнан 345 миллионға дейін артты.
Орыс және жапон тілдері тиісінше жетінші және сегізінші болып, өз орындарын сақтап қалды. Ал екі тіл: неміс тілі мен у диалектісі (қытай тілінің ең ірі диалектілерінің бірі) рейтингтен шығып қалды. Олардың орнына алғашқы ондыққа пенджаби (Үндістан мен Пәкістанда сөйлейді) және вьетнам тілдері кірді.
-
Алматы әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына қосылды
-
“Доспехи Бога” фильмінің жаңа бөлімі Маңғыстауда түсірілетін болды
1996 жылы ең танымал он тілде сөйлейтіндер саны 2,55 миллиард адамды құрады. Ал әлем халқы 5,8 миллиард болған. Яғни, сол кезде әлем халқының 44 пайызы ең танымал он тілдің бірін ана тілі ретінде қолданған.
2025 жылы ең танымал он тілдің ана тілінде сөйлейтіндер саны 3,1 миллиард адамға жетті. Ал әлем халқы 8,1 миллиардқа өсті. Қазіргі таңда алғашқы он тілде сөйлейтіндер Жер халқының шамамен 38 пайызын құрайды. Көптеген тілдердің қолданушылары саны артып келе жатқанымен, олардың әлемдік деңгейдегі басымдығы біртіндеп әлсіреуде.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды