Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында бір топ азамат теміржол вагонынан 32 тоннадан асатын мыс ұрлаған

Фото: Polisia.kz 

Қарағанды облысында бір топ азамат теміржол вагонынан жалпы салмағы 32 тоннадан асатын "катодты мыс" ұрлаған. Осылайша олар мемлекетке  135 миллион теңгеден аса шығын әкелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жасы 32 мен 61 аралығындағы бес адамнан тұратын топты ұстады.

“Олардың барлығы Балқаш қаласының тұрғындары болып шықты. Заңсыз әрекеттерді ұйымдастырушы теміржол ұйымдарының бірінде жұмыс істеген.

Тергеу барысында аталған тұлғалардың Қарағанды облысындағы Тоқырау станциясында "Өскемен – Құрық-Порт" бағытымен жүрген теміржол вагонынан жалпы салмағы 32 тоннадан асатын "катодты мыс" жүгін ұрлағаны анықталды. Келтірілген материалдық шығын көлемі 135 миллион  теңгеден асты”, – делінген хабарламада. 



Қылмыстық топтың барлық мүшесінің кінәсі дәлелденді. Сот үкімімен олардың әрқайсысы 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Желтоқсан, 2025 13:03