Павлодарда қыз ұзатудағы жаппай улану: Мейрамхана иесі жазадан құтылып кетті

Павлодарда қыз ұзатуда мейрамханадағы тамақтан 30-дан астам адам жаппай уланып қалған жағдайға байланысты мекеме иесі түрме жазасынан құтылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Той қонақтарының улануы маусым айында болған. Элиталық мейрамханадан 30-дан астам адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында жүкті әйел мен сегіз жастағы бала да болған.
Барлығында бірдей белгілер байқалған:
- жүрек айну;
- іш өту;
- жоғары температура.
Оқиғадан кейін мекеме бірден жабылып, жүргізілген тексеру нәтижесінде тағам өнімдерінен стафилококк, сальмонелла және басқа да көптеген инфекциялардың іздері анықталған.
Санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 26 жастағы мейрамхана иесіне қатысты тергеу басталған. Оған ірі көлемдегі айыппұл немесе тіпті бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төнгенімен, соңында ер адам амнистияға ілігіп, жазадан босатылды.
Еске салсақ, Павлодарда қыз ұзатуға барған 30-дан астам адам уланып қалғаны туралы хабарлаған едік.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"