Қазақстандық азамат Германиядағы банк шоттарын бұзды деген айыппен ұсталды

Фото: freepik.com
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында Германиядағы банк шоттарын бұзған күдікті хакерді ұстағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство ұстау операциясын 9 желтоқсанда жүргізген.
“Алматы облысында Германия аумағында компьютерлік технологияларды пайдалана отырып банктік шоттарға және жеке деректерге заңсыз қол жеткізді деген күдікпен Қазақстан азаматы анықталып, ұсталды. Оның әрекетінен келген алдын ала залал бірнеше жүз мың еуро болды”, – делінген ҚНБ хабарламасында.
Тінту барысында деректерді сақтау құрылғылары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді.
Ведомство тергеу іс-шаралары жалғасып жатқанын атап өтті.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған