Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шолпан Нурумбет Home Credit Bank Басқарма Төрайымы болып тағайындалды

Фото: Home Credit Bank

"Home Credit Bank" АҚ ("ForteBank" АҚ Еншілес банкі) Директорлар кеңесі басқарма құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы хабарлайды. Шолпан Нурумбетті банктің басқарма төрағасы қызметіне тағайындау туралы шешім қабылданды.

Шолпан Нурумбет – Қазақстанның қаржы секторында 20 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби маман. Әр жылдары ол елдің ірі банктік институттарында, соның ішінде "ForteBank" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ және "Альянс Банк" АҚ ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқарған.

"Шолпан Нурумбеттің тағайындалуы банктің командасын интеграция кезеңінде нығайтады. Біз Кирилге көрсеткен кәсібилігі мен Home Credit Bank-тің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Оның көшбасшылығы операциялық тұрақтылықты нығайтуға және банкті трансформацияның келесі кезеңіне дайындауға мүмкіндік берді. Қазір банк үшін маңыздысы – біртіндеп әрі тұрақты өту процесін қамтамасыз ету және қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын сақтау. Шолпан Нурумбеттің басқарушылық тәжірибесі команданы күшейтіп, банктің жаңа стратегиялық мақсаттарына қарай жылжуын жеделдетуге мүмкіндік береді", – деді "Home Credit Bank" АҚ ("ForteBank" ЕБ АҚ) Директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Исатаев.
"Мен үшін банкті осындай маңызды кезеңде басқару – үлкен құрмет. Home Credit Bank-тің мықты сараптамалық базасы, тұрақты клиенттік аудиториясы және дамуға бағытталған корпоративтік мәдениеті бар. Командамен бірге біз технологиялық шешімдерді, сервистер сапасын және операциялық тиімділікті одан әрі күшейтеміз, клиенттерге бұрынғыдан да ыңғайлы әрі заманауи қаржылық өнімдер ұсыну үшін жұмыс істейміз. Алда интеграция мен жаңғыртудың маңызды кезеңі. Директорлар кеңесіне көрсеткен сенімі үшін алғыс айтамын", – деп атап өтті Шолпан Нурумбет.

Кадрлық өзгерістер аясында Кирил Бачваров Home Credit Bank Басқарма төрағасы қызметін аяқтап, интеграция бойынша кеңесші лауазымына ауысады.

Анықтама:

Шолпан Нурумбеттің "Home Credit Bank" АҚ (ДБ "ForteBank" АҚ) Басқарма Төрайымы қызметіне тағайындалуы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы – ҚРҚНРДА-ның тиісті келісімі алынған күннен бастап күшіне енеді

STAN.KZ
Бейсенбі, 11 Желтоқсан, 2025 13:13