Алты бағананың біреуі ғана тұрғызылған: Абай облысында құрылыс компаниясы үлескерлердің 1 миллиард теңгені заңсыз жинаған

Видеодан скриншот
Қаржы мониторингі агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Dala SK Construction ЖШС мен оған байланысы бар бірқатар компаниялардың басшылығына қатысты азаматтардың қаражатын үлестік құрылыс ретінде заңсыз тарту фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі жыл бойы компания басшылығы қажетті рұқсат беру құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз тұрғын үй кешендерін салумен айналысқан.
Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны және пайызсыз бөліп төлеу ұсынылатыны туралы жарнамалар жарияланған. Алайда “Irtysh Riverside” тұрғын үй кешенінің жоспарланған алты мұнарасының тек біреуінің қаңқасы тұрғызылған.
“2024 жылғы қазанда Dala SK Construction ЖШС-не Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы – Заңсыз құрылыс, жобалық-сметалық құжаттамасыз құрылыс”, “рұқсатсыз кәсіпкерлік қызмет” пен “хабарлама жіберместен әрекет жасау” бойынша әкімшілік жаза қолданылып, құрылыс жұмыстары тоқтатылды”, – делінген хабарламада.
Ақтөбеде үлескерлерді алдаған компания басшылары сотталып, тұрғындар 5 жылдан бері үйсіз жүр
Алматыда тау бөктеріне тұрғын үй кешендерін салуға тыйым салынды
Сот шешімдеріне қарамастан, компания басшылығы жоба сәтті жүзеге асып жатқандай көрініс жасап, азаматтарды алдауды жалғастырған. Жарнамалар желіде жалғаса берген. Нәтижесінде 64 азаматпен жалған брондау шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты. Түскен қаражат Өскемендегі басқа да байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, онда да заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Залалды өтеу және үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында 2 пәтерге, 10 жер учаскесіне және 6 автокөлікке тыйым салынды. Ұйымдастырушы қамауға алынды. Қалған ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды