Лайк басып, табыс таппақ болған: Ақтөбеде әйел 1,3 миллион теңгесінен айырылып қалды

Фото: Pixabay.com
Ақтөбелік әйел ақша табамын деген ниетпен алаяқтарға 1,3 миллион теңгеге айырылып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Telegram-арналардың бірінен "қосымша табыс" табуды ұсынған сайтқа сілтеме арқылы кірген.
Шарт бойынша жарияланымдарға лайк басып, пікір қалдыруы керек болған. Тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алатынына сенген әйел белгісіз біреулердің нұсқауларын орындайды.
"Телефон ұтып алдыңыз": Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға алданып, 1,5 миллион теңгесінен айырылды
Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін тексермек болған қазақстандық алаяқтарға алданып қалды
Кейін оған тапсырмаларды жалғастыру үшін белгілі бір сома енгізу қажет екені айтылған.
Осылайша жәбірленуші алаяқтардың шотына 1,3 миллион теңге аударып жібереді. Кейін тапсырма берушілер байланысқа шықпай қойған, ал сайтқа кіру бұғатталған.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"