Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам өмірінің құны - 2,5 мың теңге": ТЖМ Түркістан облысындағы 12 адамның қазасынан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысы Алғабас ауылындағы 12 адамның өмірін қиған өрттің шығуына істен шыққан электр ұзартқышы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Турегелдиев бейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында өрттің себебін нақтылады.

“Қажетті сараптамалар тағайындалды, соның ішінде электротехникалық және өрт-техникалық сараптамалар. Оқиға орнында төтенше жағдай министрлгінің сынақ өрт зертханасы жұмыс істеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығу себебі — істен шыққан электр ұзартқышы болған. Дегенмен барлық сараптамалардың қорытындысын күтіп, олардың нәтижесі бойынша тиісті құқықтық баға беріледі”, — деді комитет төрағасы Ерлан Турегелдиев.

Айтуынша, қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар Ерлан Турегелдиев биылғы жылдың маусым айында төтенше жағдай министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелеріне өзгерістер енгізгенін атап өтті.

“Ережелерге сәйкес, жеке тұрғын үйлердің иелері үйлерін автономды оптика-электрондық түтін өрт дабыл құрылғыларымен жабдықтауға міндетті. Бұл датчик маркетплейстерде 2,5 мың теңге тұрады. Негізінен, бұл адам өмірінің құны. Ең қарапайым құрылғы кез келген өрттің алдын алады. Көміртек тотығы газына арналған датчик үш батареямен жұмыс істейді. Көміртек тотығы газының қауіпті шоғырлануы пайда болғанда, ол дабыл қағады. Дабылдың дыбысы қатты, тіпті терең ұйқыда жатқан адамды оятады”, – деді ол.


Түркістан облысындағы өрт кезінде 12 адам терезедегі тордың кесірінен шыға алмай қалған


"12 адамды жалмаған Жетісай трагедиясынан сабақ": Үйді өрттен қорғаудың қарапайым тәсілі аталды


Оның сөзінше, мұндай өрт датчиктері де болады. Олар түтінге реакция береді, көміртек тотығы газына да дабыл қосатын датчиктер бар. Биыл осындай 13 датчик іске қосылып, 36 адамды құтқарып қалған. Ерлан Турегелдиев қазақстандықтарды, әсіресе пешпен жылытылатын үйлерде немесе газ жабдықтары бар үйлерге осындай датчиктерді орнатуға шақырды.

Бұған дейін Түркістан облысында 12 адам қаза тапқан өрттің алдын ала себебі ретінже электр ұзартқышындағы ақау болғаны айтылған еді. 

Еске салсақ, бұған дейін 18 қарашада таңертең Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында екі қабатты үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан еді. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев оқиға орнынан өртті қасақана шығару немесе басқа қылмыстық ниет белгілері анықталмағанын мәлімдеді. 

STAN.KZ
Жұма, 28 Қараша, 2025 12:19