"Күртесі –1 миллион 400 мың теңге": Желіде Павлодар облысы әкімі сыртқы киімін талқылағандарға жауап берді

Фото: Желі кадрларынан
Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов желіде қымбат сыртқы күртесімен көзге түсті. Ондағы ақпаратта әкімнің пальтосы мен күртесінің бағасы 1 миллион теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жазбасында әкімнің сырт киімдерінің бағалары көрсетілген.
“Бұл – Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов. Оның Moorer пальтосы – 2 115 еуро, яғни 1 273 000 теңге, Enrico Mandelli күртешесі – 1 479 000 теңге тұрады. Павлодарлықтар, сіздер әдеттегідей Көкшетау тұрғындары сияқты өз әкімдеріңізді қорғап шығасыздар ма? "Ол да жеке секторда жұмыс істеді", "жалақысы жақсы" деген сияқты сөздерді айтатын шығарсыздар. Бірақ бәріміз білеміз, Қазақстандағы әкімдердердің бәрі долларлы миллионерлер”, – деп жазды желі қолданушысы.

Фото: Желі кадрларынан
Алайда облыс тұрғындары әкімнің бастысы жұмысты жақсы атқаратынын айтып қорғады.
“Бізге оның не киетіні маңызды емес, бастысы – ол мәселені шешеді және облыс үшін бәрін істейді”, “Ол әкімдікке бизнес саласынан келген. Фермерлер жақсы табыс табады. Сондықтан ол неге қымбат киім кимеске?”, “Мемлекеттік қызметкер болса енді киіне алмай ма? Мүмкін бөліп төлеу арқылы алған шығар. Бастысы, адам облысы үшін бәрін істейді”, – деп жазды тұрғындар.
Кейін әкім бұл жайтқа өз пікірін желіде жазып қалдырды.

Фото: Желі кадрларынан
“Қазіргі қоғамда адамды оның істеген істері мен әрекеттеріне қарап бағалайды деп ойлайтынмын. Бірақ менің не киіп жүргенім талқыланып жатса, онда бұл туралы да сөйлесейік.
Мемлекеттік қызметке мен қалыптасқан әрі жағдайы бар адам ретінде келдім. Бұны ешқашан жасырған емеспін. Ол кезде мен қырықтан асып қойғанмын. Оған дейін 15 жылдан аса өз бизнесіммен айналысып, бірнеше банктің, соның ішінде шетелдік банктердің де басшылық құрамында жұмыс істедім. Маған әрқашан көзге түсе бермейтін, бірақ тиімді киіну ұнайтын. Яғни киім мен аяқкиімнің жайлы болуы маңызды. Гардеробымдағы брендтердің қандай екенін қатты уайымдамаймын. Көптеген киімдерімді бірнеше жыл бойы киіп жүрмін. 10 жылдан астам болғандары да бар.
Ал кәсіби қызметімде мен аймақ тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысамын, Павлодар облысының барлық тұрғындары өздеріне ұнайтын нәрселерді сатып ала алатындай жағдай жасауға күш саламын”, – деді ол.
Айтуынша әкім мемлекеттік қызметке алғаш рет 2020 жылы келгенін алға тартты.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады