Түркістан облысында полицейлер өздеріне оқ атқан ер адамды атып өлтірді

Фото: polisia.kz
Түркістан облысында полиция қызметкерлері өздеріне қарсы оқ жаудырған ер адамды атып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Мақтаарал ауданында болған. Әйел полицейлерге бұрынғы жұбайы балалары бар үйге қарумен келгенін хабарлаған. Әйелдің өтінішінен кейін құқық қорғаушылар көмекке келген.
“Олар оқиға орнына келген кезде күдікті жақын маңдағы сарайда жасырынып, полицейлердің талаптарын елемеген. Содан кейін оларға қарсы оқ атып, біреуін жамбасынан жарақаттады”, – деп хабарлады аймақтың полиция департаменті.
Полицейлер алдымен бірнеше ескерту оқтарын атқан. Алайда ер адам қарсы оқ атуын тоқтатпаған. Кейін полицейлер оны атып қана атысты тоқтатты.
Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі