"Сіздің барлық фильміңізді көріп өстім": Әлемге әйгілі актер Уилл Смитке шапан жабылды
Фото: https://www.instagram.com/thegreateuropeanasian
Өзбекстандық блогер Саидазим Ризаев актер Уилл Смитке күтпеген сый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер ұлттық киімнің екі элементі, яғни дәстүрлі шапан мен тақия табыс еткен сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Сонымен қатар ол әлемге әйгілі актерді Өзбекстан мен Орталық Азияның өзге де өңірлеріне қонақ болуға шақырды.
Сыйды табыстар алдында блогер актерге балалық шағында оның фильмдерінен ерекше шабыт алғанын айтып, өзбек ұлттық киімін құрмет пен достықтың нышаны ретінде қабылдаса деген тілегін білдірді.
"Мистер Смит, мен сіздің барлық фильміңізді көріп өстім. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе! Сыйлығымды қабылдап, оны алғыс белгісі деп қабылдаңыз. Сіз "Беверли-Хиллздің ханзадасы" екеніңізді білемін (актер ойнаған фильмнің атауы), бірақ сізді белгілі бір мағынада өзбек ханзадасы ретінде көрсем деген тілегім бар", – деді блогер Уилл Смитке.
Шапан мен тақия өзбектің дәстүрлі ұлттық нақышымен кестеленген.
Айта кетейік, бұған дейін қазақ жігіт әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньоның иығына шапан жапқаны хабарланған еді.
Сондай-ақ Динара Сәтжан Астанадағы Конгресс-Холл сарайында жеке концертін өткізген дүниежүзіне танымал әнші, рэпер Akon-ға шапан жатқан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік