Қазақстан халықаралық авиация стандарттарына сай келуде ТМД мен Еуропа елдерін басып озды

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанда 2025 жылғы 30 тамыздан 15 қыркүйекке дейін жүргізген кешенді аудит нәтижелерін жариялады. Тексеру қорытындысы бойынша, Қазақстан халықаралық авиация стандарттарына сәйкес келуде әлемдік көшбасшы деңгейіне жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұйымның мәліметінше, елдегі халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейі 95,7 % болған. Бұл әлемдік көрсеткіштен 72,01 % және орташа еуропалық деңгейден 87,92 %-ға жоғары. Бұрын Қазақстанда бұл көрсеткіш тек 83 % болған. Яғни республика өз позициясын 12 пайыздан астамға жақсартты.
ИКАО деректері бойынша, Қазақстан ТМД мен Еуразия аймағының көптеген елдерін артта қалдырды. Мысалы:
- Әзірбайжан – 74,66 %
- Өзбекстан – 85,47 %
- Қырғызстан – 85,76 %
- Грузия – 89,75 %
- Беларусь – 91,85 %
- Ресей – 94,14 %
Аймақтық көшбасшылар қатарында сондай-ақ БАӘ (98,4 %), Қатар (96,72 %) және Сауд Арабиясы (94,41 %) бар.
Жоғары рейтинг халықаралық әуе компанияларының сенімін арттырып, АҚШ-қа тікелей рейстерді ашуға мүмкіндік береді. Қазір Қазақстан Нью-Йоркқа тікелей рейстерді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"