Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

Фото: formacionimpulsat.com

Түркістан облысы, Көктерек ауылында атыс болып, 17 жасар бала қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Egov.press Telegram-арнасының мәліметінше, 2 қарашада Түркістан облысының Көктерек ауылында атыс болып, 2008 жылы туған бала қаза тапқан.

“Атыс салдарынан 2008 жылы туған Төрехан Нұрлыбекұлы қаза тапқан. Сондай-ақ 2003 жылы туған Өмірзақ Саят пен 1995 жылы туған Алтынбек Дәулет жараланған. Кісі өлтіруге байланысты қылмыстық іс қозғалып, сұр BMW іздестіріліп жатыр”, – делінген жазбада.

күдіктілер туралы ақпаратФото: Egov.press Telegram-арна 

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментінен мән-жайды сұрады. Олардың мәліметінше, күдіктілердің бірі ұсталып, қамауға алынды. 


"Інісінің көзінше ұрып өлтірген": Жамбыл облысында қатарластарының қолынан қаза тапқан жасөспірімнің анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді


Бірде бір адам ұсталмаған: Ақтөбеде төбелес салдарынан жасөспірімнің көзі көрмей қалды


“2 қараша түнгі уақытта Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану дерегі тіркелді. Салдарынан бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу шықты. Іс-шара барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. Осы факті бойынша "”Адам өлтіру” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын және екінші қатысушының орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жағдай бақылауда екенін айтты. Сондай-ақ тұрғындарды сабыр сақтауға және тергеушілерге қылмысты ашуға көмектесетін барлық қажет ақпаратты беруге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында төбелес болып, жасөспірім қаза тапқаны туралы жазған едік. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 04 Қараша, 2025 14:17
Талқылау