Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Фото:Unitedworldwrestling
Сербияның Нови-Сад қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз 97 келі салмақтың қола жүлде үшін белдесуінде Иран елінің өкілі Аболфазил Бабалоны 7:1 есебімен жеңді. Ол жарыс жолында іріктеу кезеңінде испандық Аймар Егиноаны 10:0 есебімен, айқын басымдықпен ұтты. Ал 1/4 финалда Гарроуз Куекабакиланы тізе бүктірді. Алайда Ризабек жартылай финалда жапондық Араш Ёшидаға есе жіберді. Айта кетейік, Ризабектің бұл жүлдесі еліміздің еркін күрес балуандарының салған жалғыз жүлдесі.
Естеріңізге салсақ, Ризабек Айтмұхан 3 жас санаты бойынша 3 дүркін әлем чемпионы. Азия чемпионатының үш мәрте күміс жүлдег иегері.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген